Мүгедек қыз дәрігер болу арманына қол жеткізді

Мүгедек қыз дәрігер болу арманына қол жеткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістандық Раушан Джаввад есімді қыз медицина саласында білім алу құқына қол жеткізді.

Ол емтиханнан сәтті өтіп, қыз 2008 жылы медициналық колледжге түскен. Дәл осы кезде күтпеген жерден пойыз астында қалып, екі аяғынан айырылады. Раушан ұзақ уақыт емделгенімен медицина сараптамасы оның 88%-ға мүгедек екенін хабарлады. Ал Үндістан Заңы бойынша медициналық оқу орнына мүгедектіктің 70%-ына дейін ғана түсе алады.

Раушан Джаввад Бомбей сотына жүгініп, медициналық колледжде оқу құқын алуға талпыныс жасады. Ол осы уақытқа дейін ешнәрсеге мойымастан, оқу бағдарламасын үйінде жалғастырып, өзінің мәселесі қаралып отырған сот тыңдалымын да қалт жібермеген екен.

Нәтижесінде, Бомбей бас соты Мохит Шах мақсатшыл мұсылман қызымен тікелей тілдесуге барып, оның білімге құштарлығы мен ерік-жігеріне куә болды. Қайсарлығымен сотты мойындатқан Раушан енді елдегі үздік медициналық колледждегі оқуын қайта жалғастырады. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: