Отар ауылы «Атамқұл» мешіті имамы Шакиров Нұрлан «мектепке жол» акциясы бойынша 15 мектеп оқушысына жәрдем берді. Оқу құралдарымен бірге сөмкесін, киім-кешегін жабдықтауға үлесін қосты. Бүлдіршіндерді мешітке жинаған имам оқу жылында зор денсаулық, қажыр-қайрат пен Алла Тағалам зеиіндерін ашып, пайдалы білім берсін деп дұға қылды.
Қайырымдылыққа ат салысқан мешіт имамы мен жамағатына Алла разы болғай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



09 Сәуір 2026
21 Шавваль 1447

