Мешіттен Құран ұрлау дұрыс па? (ВИДЕО)

Мешіттен Құран ұрлау дұрыс па? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мешіттен Құран ұрланды. Бейнебақылау камерасына жазылған ұрлық уақиғасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ворошиловка ауылындағы «Акмаль Салих» мешітінде орын алған. Бұл туралы Отырар арнасы хабарлады.

Бейнежазбада белгілі болғандай, белгісіз ер азамат мешітке еркін кіріп, сөредегі кітапты алып, асықпай ғимараттан шығып кеткен.

Интернет қолданушылары аталмыш азаматтың мешіттің ішкі бөлмелерімен жақсы таныстығын, кітаптардың қайда тұратынын білетіндігін айтып, пікір білдіруде. Осыған қарағанда, ұрлықшы қай уақытта мешіт ғимаратында адамдардың, тіптен имамның болмайтынын да алдын ала білгенге ұқсайды.

Желілерде жария болған бейнежазба ұрлықшыны табу мақсатында таратылған. Пікір қалдырушылардың бір тобы Құран кітабын ұрлау ұрлыққа жатпайды дегенді алға тартуда. Дегенмен, бұл пікірді ұстанушылар қатары аз.

e-islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: