«Кәһф» сүресінің 9-26 аяттарында баян етілген үңгірде 309 жыл бойы ұйықтаған бір топ мүминдердің қыссасы баршамызға мәлім.
Егер «Кәһф» сүресінің 10-шы аятындағы «إِذْ أَوَى الْفِتْيَةُ إِلَى الْكَهْفِ» (жігіттер үнгірге бекінді де) сөзі мен 25-ші аяттағы «اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا لَبِثُوا»(олар үңгірде қанша уақыт болғанын Алла Тағала артық біледі) сөзі аралығындағы сөздер санын санар болсақ, қысса 309 сөзбен баян етілгені анықталады. Яғни, қыссадағы сөз саны мен мүминдердің үңгірде ұйықтаған жылдар саны тең келеді!
Осылайша тіпті сөз санының өзі Құран Хақ Тағаланың ұлық мұғжизасы екеніне нұсқауда!
hibatulla.kz