Американың Техас штатындағы Бэйлор университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулердің нәтижесінде адамның жұмысынан ләззат алу деңгейі оның Құдаймен болған қатынасымен тікелей байланысты екені анықталды. Яғни, адам қаншалықты діндар болса, сол деңгейде ол жұмысынан разы болады.
Opposing Views-тың айтуынша зерттеуге 860 Құдайға сенетін адам қатыстырылып, араларында Құдайға сенбейтіндер болмады.
Зерттеуді басқарушы университет профессоры Блейк Кенттың айтуынша діндар адам үшін атқаратын жұмысы пенде мен Құдайдың арасындағы қатынастың бір тәсілі. Осы себептен діндар адам істеген жұмысынан ләззаттанады.
Зерттеуге қатысқан ғалымдар: «Қызмет беруші жұмысшының діни сеніміне ерік бергені дұрыс. Себебі бұл жағдай жұмыс өнімділігі артуына ықпал етеді»,-деген тұжырымға келген. Сонымен қатар әлеуметтану профессоры Кевин Доэртидың айтуынша жұмыс орынында діни құлшылықты орындау күйзелу (стресс) мен дөрекілікті жояды.
qari.kz