Бас мүфти: Наурыз – ұлттарды бірлікке ұйыстыратын төл мереке

Бас мүфти: Наурыз – ұлттарды бірлікке ұйыстыратын төл мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті бауырлар, отандастар!

Баршаларыңызды күн мен түннің теңескен, шығыс халықтарының мерекесі болған, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бұл күні халқымыз дастархан жайып, қонақ күтіп, қарияларымыз бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі.

Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады.

Ұлыстың ұлы күні біздің еліміз үшін әрқашан киелі саналған. Халқымыз Наурыз мейрамын ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дәстүріміздің жалғасы деп тойлайды.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын! 

Жаратушы Иеміз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, халқымыздың тілегін қабыл еткей! Әмин!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: