Махмуд Халил Әл-Хусари – біздің дәуіріміздің ең атақты қарилардың бірі. Махмуд Халил Әл-Хусаридің Құранды қарапайым әенмен әрі анық оқу тәсілі осы күнге дейін Құран үйренушілердің Құранды жеңіл жаттауына септігін тигізіп келеді. Махмуд Халил Әл-Хусари һижри 1935 (1917) жылы зүл-хижжә айында Шибра Ән-Намлә елдімекенінде дүниеге келген.
Мысырлық қари Махмуд Халил Әл-Хусари Құран оқудың он қыраатын меңгерген қари. Махмуд Халил Әл-Хусари төрт жасында болған кезде әкесі оны Құранды жаттауға береді. Сегіз жасында Махмуд Халил Әл-Хусари Құранды бастан-аяқ жаттап шығады. Күнделікті «Әл-Ахмади» мешітіне барып жүрген Махмуд Халил Әл-Хусари 18 жасында діни оқу орынға оқуға түседі. Кейін Әзһар шарифте оқып жүріп қыраттың он түрін меңгереді. Құран ғылымдары мамандығы бойынша диплом алған Махмуд Халил Әл-Хусари ұстаздықпен шұғылданады. Құранды әсем және анық дауыспен оқуымен әйгілі Махмуд Халил Әл-Хусари Құранды Хафса қыраатымен таспаға жаздырған ең бірінші қари.
Махмуд Халил Әл-Хусари 1968 жылы үйленіп перзентті болғаннан кейін балаларын Құран жаттауға ынталандырады. Нәтижеде оның барлық перзенті Құранды жатқа білетін болады. Махмуд Халил Әл-Хусари он жыл бойы радиода Құран жаттау айдарын жүргізеді. Осы жағдай Махмуд Халил Әл-Хусаридің бұқара халыққа танымал болуына ықпалын тигізеді. Ғұмырының соңғы кезеңін Махмуд Халил Әл-Хусари мешітке, діни институт пен медреседе Құраннан дәріс беруге арнайды.
Өлер алдында Махмуд Халил Әл-Хусари мүлкінін үштен бірін Құран жаттау медреселеріне мирас етуін өсиет етеді. Махмуд Халил Әл-Хусари һижри 1401 (1980) жылы мухаррам айының 16-шы жұлдызында, дүйсенбі күні дүние салады. Махмуд Халил Әл-Хусари Алла Тағаланың Каләмі – Құранға ғұмырының 50 жылын арнаған еді.