Канадалық Саман Мунир есімді мұсылман ғаламтордың жұлдызы атанды. Оған себеп, өзінің хиджабтағы суреттерін салып, орамал тағу үлгісімен бөлісуі.
Сондай-ақ, 35 жастағы канадалық мұсылман қызда YouTube желісінде өз арнасы бар. Онда ол орамалды сәнді етіп тағудың үлгілерін көрсетіп, кеңесін айтады.

Саман Мунир
«Мен қашанда сәнді ұнатып келем. Dolce & Gabbana өзінің хиджаб топтамасын шығарғанда мен қатты қуандым. Әйтеуір, атақты дизайнерлер мұсылман киіміне назар аударды," - дейді ол.
Ендігісі, ол орамалдарды өзі шығара бастады. Оның парақшасында жарты миллион оқырман бар.
hibatulla.kz


14 Қараша 2026
3 Джумада-сани 1448

