Жасаған жақсылығы алдынан шықты (видео)

Жасаған жақсылығы алдынан шықты (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сал ауруына шалдыққан қарағандылық 26 жастағы Нияз Сүндеталиев өзінің операциясына деп жиналған 5 миллион теңгеден астам қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Осыдан үш жыл бұрын 4-ші қабаттан құлап, төсекке таңылған Нияз операция жасау үшін 2 жыл күту керектігін айтады.

Сол себепті халықтан жиналған қаржыны ем-дом қажет ететін науқас балаларға жұмсау қажет деп шешкен. Өзі мұқтаж бола тұра өзгелердің қамын ойлаған оның бұл мәрттігін естіп білген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Үндістан емханасының ресми өкілдігі «МедИндия» компаниясының директоры Анна Вербина Ниязды тегін емдеуге бел байлағандарын жеткізді. Яғни, Нияздың ем-домына кететін және өзге де шығындарды аталмыш компания өз мойнына алады.

islam.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: