Астана: тегін такси тосыңыз жұма күні

Астана: тегін такси тосыңыз жұма күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Үй» қоғамдық қорының басшысы, өзінің қайырымды істерімен елге танымал Аружан Сайын қазақстандықтарды «Жақсылық Жаса!» жобасына белсенді қатысып, игі істер жасауға шақырған болатын.  Мұны құп көрген астаналық азамат Арман Шекімов өз көлігімен бос уақытында адамдарды тегін тасымалдап, шаруаларын шешуге қол ұшын созып отыр.

«Мен психологиялық сауда жөніндегі тренинг-менеджермін және бос уақытым бар. Мұның барлығы негізінде жоспарлы түрде болған жоқ, ойда жоқта қолға алынды. Бос уақытымды жылы үй, жұмсақ диванда өткізгенше, қайырлы бір іс жасауым керек деп ойладым. (...) Бір құрбыммен сөйлескенімде ол протезбен жүретін қыз жайлы, оның көмекке мұқтаж екенін айтты. Жүріп-тұруы қиын екен. Бірақ, оған жиі қозғалыс керек екен. Ол жалдамалы бухгалтер болып істейді екен. Сосын мен онымен бірге жүре бастадым. Бірінші рет осылай басталды. Кейін менің телефоным өзге де адамдарға тарала бастады. Мүмкіндігінше мұқтаж адамдардың өтінішін орындауға тырыстым. Көпшіліктің құлағына тез жетсін деп Facebook парақшама да жаздым. Жазба қалдырғаннан кейін мұқтаж адамдар хабарласа бастады. Бәріміз дос болып кеттік» деді Арман Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: