Косметиканың да халалы болады

Косметиканың да халалы болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

PBJ Inc деп аталатын жапондық компания тері күтіміне арналған халал кремдер сериясын шығарған көрінеді. Momo Hime деген атау алған бұл серия өнімдері барлық қажетті сертификаттаудан өтіп те қойған. Жақын арада Жапноия және әлемнің басқа да мемлекеттеріне таратыла бастайды.

PBJ Inc компаниясының ерекшілігі косметика өнімдері негізінен жемістерден жасалады. Компания зерттеушілерінің назарын соңғы кездері шабдалы жемісі қатты қызықтырған сыңайлы. Momo Hime деген атаудың өзі «Шабдалы ханшайымы» деп аударылатын көрінеді.

Халал косметика өнімдерін шығару компания қызметкерлерінің бірінің ойына келсе керек. Шет елдерге көп шығатын ол мұсылман әйелдерінің жапон косметикасын қолдана алмай келе жатқанын байқаған. Қазіргі кезде компания арнайы халал сертификатын да иеленген. 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: