Сіз қолданып жүрген мискті қалай дайындайды?

Сіз қолданып жүрген мискті қалай дайындайды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала тарапынан адам баласына берілген нығметтері шексіз. Соның бірі - хош иіс. Көзге көрінбейтін, әдемі иісі мұрныңды жаратын хош иісті Жаратушының ең керемет жаратылысы дерсің. Адам өмірінде әдемі иістің алар орны ерекше. Хош иіс – ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті.

Миск («муксус, аттар (араб)» - әтір) – әдемі, хош иіс деген мағынаны береді. Мисктің қазіргі кезде құрғақ, сұйық түрлері бар. Себуге ыңғайлы етіп шығарылған сепкіш (спрей) түрінде де кездеседі. Құрғақ мискті роза, жасмин, нарцис және т.б. гүлдерден жасайды. Миск жасауда Құран мен хадистерде кездесетін янтар майы, сандал, ладан, мирр, фиалка, жасмин, муксус, иууд, хна секілді өсімдіктердің шикізаттары қолданылады. Құрғақ әтірді Таяу Шығыс елдерінде денеге жағуға әрі үйдің ішін хош иістендіруге қолданады.

«Жақсы адам мен жаман адамның айырмашылығы миск сатушы мен темір соғушыға (көрікші) ұқсайды. Миск сатушы саған жақсы иіс сыйлайды, не өзің сатып аласың немесе оның хош иісінен иіскеп қайтасың. Темірші болса, сенің киіміңді күйдіреді, не жағымсыз иіс шығарады».

Қазіргі кезде құрамына спирт қосылған әтірлер сәнге айналғанымен, мұсылмандар арасында әдемі иісі бар гүлдерден, шөптерден жасалған спиртсіз майдың алар орны ерекше. Бір-біріне сыйлық ретінде беруге де таптырмас дүние. Бағзы заманда мұсылмандар мисктің құрғақ түрін сыйға тартуды әдетке айналдырған көрінеді. Сол үрдіс әлі жалғасын тауып келеді. Әсіресе айт күндері, жұма күндері намазға әдемі иіс сеуіп баруды, бір-біріне сыйлауды күллі мұсылман баласы күні бүгінге дейін жалғастырып келеді.

 

hibatulla.kz

Әр мұсылманның үйінде кем дегенде бір осындай әтір бар шығар...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: