Пәкістандық инженер Самир Икбал қатерлі ісік ауруын алғашқы сатысында-ақ анықтауға болатын құрылғы ойлап тапты. Баршаға мәлім, ауру асқынбай тұрып, дер кезінде емдесе, тек заманауи ем шаралары ғана бұл өлуге себеп болар қауіпті ауруға қалқан бола алады.
Икбал бастаған ғалымдар тобы ойлап тапқан құрылғы жұмысы тіклей жасушалармен байланысты. Ағзадағы қатерлі ісік жасушалары наноқұрылымды қабырғалармен әрекеттескенде олардың «билейтіні» байқалған. Ал, дені сау жасушалар қалыпты жағдайларын сақтаған.
Егер «билейтін» жасушалар байқалысымен, жаңа құрылғы арқылы дәрігер науқасты ертерек емдеп жазып алуына әбден болады. «Ісік пайда болмай тұрып, дертті анықтау – науқастың тірі қалуының бірден-бір кепілі. Біздің құрылғымыз бұған қабілетті», – дейді Самир Икбал.
hibatulla.kz