Қасиетті Рамазан айы Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келіп тұр. Осыған орай «Бірлікүстем» ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. 21-23 наурыз аралығында халыққа тегін көлік қызметі ұйымдастырылып, тұрғындар Бірлікүстем – Қонаев – Шу базары бағыты бойынша және кері бағытта тегін тасымалдау көлігі қызмет етті.
Бұл игі бастама ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталып, көпшіліктің жүрегіне жылулық сыйлауда.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.