Эвелин Кобболд – ислам дінін алғаш қабылдаған ағылшын ақсүйегі

Эвелин Кобболд – ислам дінін алғаш қабылдаған ағылшын ақсүйегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Леди Эвелин Кобболд (Evelyn Cobbold) – ағылшын ақсүйектер отбасынан шыққан графтың қызы (1867-1963). Өз заманында ислам дінін ағылшын әйелдері арасында бірінші болып қабылдап, шариғат шәлісін жамылған әйел. 1867 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Чарльз Адольфус өз заманының танымал саяхатшысы болған. Әлемнің бірнеше елін аралаған, кей сапарларына қызы Эвелинді де ертіп апарған. Анасы үй шаруасындағы әйел болса да үнемі рухани ізденіс үстінде жүретін рухани бай адам. Эвелиннің ислам әлеміне деген қызығушылығы балалық шағынан басталған. Әкесінің Каир қаласында вилласы болған. Отбасымен бірге қыс айларын сол жерде өткізген. Эвелин араб тілін сол жерде жүріп үйренген екен. Достарымен мешітке жиі барып тұрған. Эвелин мұның барлығын 1934 жылы жарыққа шығарған «Меккеге сапар» кітабында баяндап береді. Кітабының алғашқы бетіне: «Ислам діні мені қай кезде, қай уақытта баурап алғанын нақты білмеймін. Мен туылғаннан мұсылман болған сияқтымын, ішімде сондай әсер сайрап жатыр» деп жазды.            

                                Леди Кобболдж       

Меккедегі сапары кезінде ол өз есіміне Зайнаб деген араб есімін қосып, өзгерту енгізеді. Зайнаб – араб тілінде «нұр», «жарық» деген мағынада қолданылатын есім. Ол өзінің Меккедегі қасиетті Қағбаны айналып өтіп, өз есімін қайталаған сәтін өміріндегі ең әсерлі, ұмытылмас кез екенін жазады кітабында. «Менің жалпы ислам әлемінен, Меккедегі сапарымнан үйренгенім өте көп. Қағбаны айналып зар жылаған әйелдердің жан дауысы әлі күнге құлағымда қалып қойғандай. Мекке мен Медина қалаларында өмір сүретін мұсылман әйелдердің өмірін жазғым келді. Барынша көргенімді, білгенімді жазып шықтым» деп жазды кітабында Эвелин. Ислам дініне арнаған кітабы үшін кейін ағылшындар оны көпке дейін қабылдай алмай жүрді. Қабылдағандары мұндай қадамға не үшін барғанын түсіне алған жоқ. Әйтсе де ол өмірінің соңына дейін өзін мұсылман санады. Зайнаб есімін иеленген Леди Эвелин Кобболд 1860 жылы 95 жасында қайтыс болады. Шотландияның Вестер Росс зиратында жерленген оның қабір басындағы көктасына қасиетті Құрандағы  "Нұр" сүресінің 35-аяты жазылған.

аударған: Салтанат Қожа

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: