Алдында хабарланғандай, Біріккен Араб Әмірліктерінде бақыт пен діни төзімділік министрі қызметі пайда болған. Бір қызығы - бұл екі лауазымға да әйелдер тағайындалды.
Діни төзімділікке Любна аль-Касими жауапты болса, бақыт министрі болып Ухуд ар-Руми сайланды. «Ағам Мұхаммед бен Зайдпен ақылдасқан соң президенттің мақұлдауымен біз министрлікке арналған жаңа кабинетке орналастық. Бұл қызмет халықтың болашағы үшін, жастар, бақыт, білім үшін жұмыс жасамақ,» — дейді әл-Мактум.
Мұсылман-министр әйелдің айтуынша, ұлттық бақыт тек қалау емес, биік белестерді бағындыратын үлкен болашақ үшін қойылған мақсат. Осыған жету жолында түрлі жобалар құрылып, бүкіл министрлердің атсалысуымен жүзеге аспақ.
hibatulla.kz


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

