Мысырда суасты мұражайы салынады.

Мысырда суасты мұражайы салынады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяу уақытта туристер аты аңызға айналған Фарос маягын суастындағы музейде тамашалай алады. 

Мысыр билігі ерекше үлгідегі суасты музейін салу туралы шешім қабылдады. Музей қонақтары мұнда арнайы аквалангының көмегінсіз түседі.

Ежелгі жәдігерлер жөніндегі министрлік Александрия портында тұрғызылатын музей құрылысы туралы жоспарды жария етті. Айта кетейік, мұндай үлгідегі музей дәстүрлі туристік елдер үшін жаңалық болып отыр.  

Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, музей жоспарының құрылғанына 19 жыл өткен. Өкінішке қарай, экономикалық және саяси келіспеушіліктер себебімен жоба кейінге шегеріліп келген.

Музей құрылысы бірнеше бөліктен құралмақ. Оның үстіңгі бөлігі су деңгейінен жоғары болады. Ал су астына түсетін жолдардың ұзындығы 7 мертді құрайды. Антикалық мұраларға жол бастайтын туннель жылына 3 млн қонақты қабылдай алады. Ал туристер әйгілі Александр маягын көріп қана қоймай, Клеопатра сарайы интерьерімен, ежелгі мұнаралармен ғибадатханалармен жақынырақ танысады.

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: