ЕЛОРДАДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ЕЛОРДАДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті.

Форум жұмысына ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ онлайн және офлайн форматта 700-ден астам уағызшы-имамдар, Діни басқармаға қарасты Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген адамгершілік және жауапкершілік, әділдік және адалдық, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтарды қоғамда кеңінен дәріптеудің маңызына айрықша тоқталды. Сонымен қатар Президент атап өткен әлеуметтік кеселдермен күресудің өзектілігін тілге тиек етті.

Іс-шарада баяндама жасаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы уағызшылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, жамағатқа даналық жолмен насихат айтудың маңызы жайлы сөз қозғады.
Форум жұмысында «Үгіт-насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжаты қабылданды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: