Меркі: «Жат ағым жастарға несімен қауіпті?» тақырыбында кездесу өтті

Меркі: «Жат ағым жастарға несімен қауіпті?» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округінде жастар арасында «Жат ағым жастарға несімен қауіпті?» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан қатысып, еліміздегі діни ахуал мен жат ағымдардың қауіптілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізге 224-тен астам дәстүрлі емес діни ағымдардың енгендігі, олардың басты нысанасы – жастарды теріс жолға тарту арқылы қоғам тұрақтылығына қауіп төндіру екендігі айтылды.

Наиб имам жастарды діни сауатты болуға, діни ақпараттарды тек ресми дереккөздерден алуға, кез келген діни мәселе бойынша мешіт имамдары мен білікті мамандардан кеңес алуға шақырды. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Бұл жиын жастарға рухани иммунитет қалыптастыру, жат ағымдардың зардабын түсіну және өз дінін терең білудің маңызын ұғынуға бағытталған тағылымды басқосу болды.

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: