Талас ауданы, Бостандық ауылында "Төртбай ата" мешітінің имамы Сержанұлы Зулфикардың ұйымдастыруымен 2025 жылдың "Отбасы құндылығы" жылы аясында ауылдық мәдениет үйінде "Отан – отбасынан басталады" тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Зулфикар имам отбасы құндылықтарының маңыздылығы, ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі туралы кең көлемде уағыз-насихат жүргізді. Жиналған көпшілік рухани азық алып, отбасының қоғамдағы орны туралы мағлұмат алды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, имамнан тұшымды жауаптарын алды.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.