Рим-католиктік шіркеуінің архиепископы Милана Анджело скола Италия мектептерінде христиан мерекелерімен қатар ислам дініндегі атаулы күндерді енгізу керектігін мәлім етті, деп жазады imperor.net.
Оның айтуынша, мұсылман мейрамдарын мектепке енгізу жергілікті діни сенімге селкеу түсірмейді. Оның үстінде жақын болашақта итальян мектептерінде оқушылардың үштен бір бөлігін мұсылман балалары құрайтын болады. Елдің ІІМ жариялаған мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Италия халқының 30%-ы мұсылмандар екен.
«Егер олар (мұсылман балалары) өзге діндегі сыныптастарын құрметтесе, ендеше Италияда ислам мерекелеріне де орын бар екенін неге көрсетпеске?» дейді архиепископ.
Шіркеу өкілінің аталмыш мәлімдемесі ел үкіметінің ислам дінін ұстанушыларға кей жағдайларда салған тыйымдарына байланысты жарияланды. Италияда әзірше мешіт құрылысын жүргізуге және қыз-келіншектердің киім үлгілеріне қатысты та заңдық шектеулер қойылған. Дегенмен, таяуда ғана Италия үкіметі исламмен қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңес құрып, жағдайды ретке келтіруге бет бұра бастады.
ummet.kz-ақпарат