Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кең байтақ қазақ жері байлыққа ғана толы емес, сұлулыққа да тұнып тұр. Ұшы-қиыры жоқ дала мен аспанмен таласқан таулары адамзат баласын өзіне тәнті етпей қоймайды. Қойнауы қазбаға, табиғаты сирек кездесетін жан-жануарға толы Қазақстанның өлкелеріне кім көз тікпеді.

1. Көлсай көлі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан Көлсай - ең тартымды тарихи өлкенің бірі. Теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Табиғаттың шеберлігі соншалықты көлді жағалай өскен қарағайлар құдды бір адам қолымен егілгендей. Көлсайда болғандардың барлығы оны «жер жаһанның маржаны» деп ешқашан ұмытпайды. Мұнда бәрі бар биік тау, тамылжыған ландшафт, сирек кездесетін аң-құс та.

2. Алакөл

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

«Алакөл» атауы ежелгі түрік сөзінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен. Алакөл Ұялы, Жалаңашкөл, Сасық көл және т.б. ұсақ көлдерден тұрады. Аралдармен бірге есептегенде көлдің ауданы - 2696 шаршы шақырым, су көлемі - 58,56 куб шақырым, ені - 52 шақырым, ұзындығы - 104 шақырым. Көлдің орташа тереңдігі - 22 метр, ең терең жері - 54 метр. Тарихи деректерге сүйенсек, Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатшылар жағалауда демалып, көл суынан нәр алған екен. Алакөл суы емдік қасиетке бай. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді.

3. Бекет-ата жер асты мешіті

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Батыс Қазақстан облысындағы киелі жердің бірі – Бекет-ата жерасты мешіті. 1750 жылы өмірге келген Бекет Мырзағұлұлы өз қолымен 5 мешіт тұрғызған.

4. Бозжыра шатқалы

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Бекет-ата мешітіне бара жолда кездесетін ерекше мекен –Бозжыра шатқалы. 

5. «Әнші құм» немесе «Айғайқұм»

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Айғай құм - Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Екі жақтан соққан желдің әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас әуезді дыбысты естуге болады. Шығыстан соққан желдің күші ұлғайған кезде биіктігі 150 метрлік құм таудың басына қарай шоғырланады. Осы кезде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайтын дыбыс естіледі. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде орын алады екен.

6. Шарын шатқалы

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Ғалымдардың зерттеуінше, шатқалға 12 миллион жыл болған. Әйтседе Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Өңірде құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген. 

7. Жасыбай көлі. Баянауыл

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Аумағы 4 шаршы шақырым, тереңдігі 7 метрге жететін көл демалушылар көп келетін жерлердің бірі. Жасыбай –ешқандай өзен суы қосылмайтын тұйық көл. 

8. Шерқала тауы

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Маңғыстау өлкесінің тамашалаушылардың көбі таңғажайып тау арналарын аралайды. Оларды табыстырушы Шерқала әсем тауы. Адамдар оның пішінін шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Ал басқалары тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсатады. XIII ғасырдың басында Шерқалада Шыңғысханның Жошының резиденциясы болған деседі.

9. Үлкен Алматы көлі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстандағы өзендердің ішіндегі көз тартатынның бірі осы Үлкен алматы өзені. Үлкен Алматы көлінің таңғы уақытта үстіңгі бөлігі көгілдір тартып, үнсіз тыныштықта болып және оған аспанның бейнесі мен қоршаған таулардың көлеңкесі түскен сәті өте әдемі.  Ол бір аттас шатқалдың ортаңғы бөлігінде 2511 м  биіктікте орналасқан,  оның тереңдігі 35 м, ұзындығы 1 км-дей, ал жалпақтығы 500 м. Көлді айнала қоршаған Кеңес шыңы мен оңтүстігінде Озерная көлі, ал батысында Үлкен Алматы шыңының таулы массиві. Үлкен Алматы көлі ежелгі мұздықтар қызметінің негізінде пайда болып, бүгінгі күні табиғи су қоймасы болып табылады. Суы тұнық көлге шомылуға болмайды, тыйым салынған.

10. Қайыңды көлі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

Қазақстанның көз тартатын үздік 10 өлкесі

1911 жылы Алматы облысында болған 9 балдық жер сілкінісінен пайда болған ғажайып мекен. Ол Алматы қаласынан 280 шақырым алшақта орналасқан. Көлдің жан-жағы қылқан жапырақтылармен көмкеріліп, алыстан мен мұндалап көз тартады. 

Nur.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: