Соңғы уақыттарда мұсылмандарға арналған киім ойлап шығару - сәнгерлерді шабыттандырып жүр. Мәселен, жақында жарық көрген италияндық сәнгерлер Dolce & Gabbana ұсынған хиджаб пен абая үлгілері. Сондықтан мұсылманша киім үлгілері әлемдік сән әлемінде танымал.
Ал, мұсылмандарға арналған киімді өзі ойластыратын қыздар тағы бар. Оның бірі - Австралиялық Зульфия Туфа.
«Мен ешқашан болмаған сән киімін ойлап шығаруға тырыспаймын. Мен қарапайым киімді хиджабқа жақынырақ етіп жасап, сәнқой қыздарға әдемі киім ұсынғым келеді. Солайша, олардың қарапайым кейпін сақтағым келеді" дейді Зульфия.
Австралиялық мұсылман қарапайым әрі әдемі болуға болатынын тағы бір дәлелдеді.
Қазірде Зульфияның инстаграм желісіндегі оқырман саны 42 мыңды құрайды. Оның ішінде мұсылман әйелдері де басқа дін өкілдері де бар.
hibatulla.kz