Ережеп айы құтты болсын!

Ережеп айы құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Құрметті мұсылман бауырлар!

Қасиетті үш айдың бастауы – Алланың рақымымен келген Режеп айымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай барлық мұсылман үмбеті үшін мейірімге, кешірімге және сауапқа толы болсын!

Алла Елшісі (с.а.с.):


"Режеп – Алла Тағаланың ерекше айы. Бұл айда Алла Тағала күнәларды кешіреді, дұғаларды қабыл етеді және тәубе еткен құлдарын жарылқайды. Бұл айда ұрыс-жанжал мен дұшпандықты тоқтатып, мейірім мен бейбітшілік орнату керек" – деп, бұл айдың қасиеті мен қадірін айтып кеткен.

Режеп айы – рухани дайындық пен ізгі амалдарға ерекше көңіл бөлетін уақыт. Дәстүрлі түсінік бойынша:

  • Режеп – егін егу айы,
  • Шағбан – суғару айы,
  • Рамазан – жемісін жинау айы болып есептеледі. Бұл егін егіп, жемісін күту сияқты, адам да жақсы істер жасап, сауап жинап, Рамазан айында рухани жетілуіне қол жеткізетін уақыт.

Бұл айда қандай амалдар жасау керек?

  1. Нәпіл ораза ұстау:
    Хадистерде Режеп айында ораза ұстаған адамға мол сауап жазылатыны айтылған.
  2. Құлшылықты арттыру:
    Көптеп намаз оқу, Құран оқу, дұға жасау арқылы Алла Тағалаға жақындауға тырысу қажет.
  3. Күнәлардан тыйылу:
    Бұл ай тәубе етіп, күнәларды тастап, жаңа өмір бастау үшін ең қолайлы уақыт.

Алла Тағала барша мұсылмандардың жүрегіне иман нұрын себелеп, отбасыларыңызға береке, елімізге тыныштық пен татулық сыйласын! Жақсылық пен игілікте жарысқан құлдардың қатарында болайық.

Режеп айы баршамызға құт-береке әкелсін!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: