Мароккода кең көлемде халықаралық форм басталды. Оның мақсаты – ислами мемлекеттердегі діни нысандардың құқықтарын қорғау, құқықтық базаны дамыту.
27 қаңтарда форумның қорытындысы өтпек. Онда форум қатысушыларының негізгі шешімдері сондай-ақ, ұсыныстары жазылған декларация қабылданбақ.
«Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) діні мұсылмандардың да, басқалардың да құқығын қорғаған. Біз мұсылмандар мен мұсылман еместердің бейбітшілікте өмір сүру керек екендігін әлемнің есіне салуымыз керек» – дейді Зайтун колледжінің негізін салушы, қоғам мен дін белсендісі шейх Хамза Юсуф.
Айта кету керек, форумда 300-ден астам мекемелер қатысуда. Онда Египет, Иран, Ирак и Пәкістан сынды елдердің саясат пен ғылым белсенділер бар. Аталмыш форумға өзге дін өкілдері де атсалысуда.
һibatulla.kz