БАС МҮФТИ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕГЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

БАС МҮФТИ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕГЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқанына байланысты Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Задеге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Маңғыстау облысында болған ауыр қазаны терең күйзеліспен қабылдадым. Әзербайжанның әуе жолдары ұшағының ішінде бірнеше елдің азаматтары болды. Әсіресе бұл қаза Әзербайжан халқына ауыр тиді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Алла Тағала қайғының артын қайырлы етсін! Жарақат алған жандарға Жаратушы Иемізден шипа тілеймін!» делінген көңіл айту жеделхатында.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: