Тунис елінде қария француз әдебиеті саласында докторлық диссертациясын 85 жасында қорғады.
Мунира Хамза осындай жасқа келген адамдар арасында ғылыми дәреже алған тұңғыш араб әйелі саналады. Журналға берген сұхбатында ол: «Менің ойымша, әр адамның мына өмірдегі басты мақсатының бірі – қызмет жасап, көздегеніңе жету. Адам әрқашан алға жылжып, өзін дамытып отыруы керек» деді.
Өзінің ұзақ жасауының бір сырын қария спортпен байланыстырады. «Әрдайым спортпен шұғылданамын. Денсаулыққа күтім жасап, ас-тамақ жеуде шарттарды сақтап келемі. Сонымен қатар, ой-санамды дамытып отыру үшін әдеибет ошақтарына, түрлі ғылыми конференцияларға жиі қатысып тұрамын» дейді М.Хамза.
ummet.kz-ақпарат