Иордания туындысы Оскар марапатына ұсынылды

Иордания туындысы Оскар марапатына ұсынылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иордан режиссері Наджи Абу Навардың «Зиб» аталатын фильмі «Оскар» марапатына ұсынылды.

Аталмыш туынды «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша беріліп отыр.

Фильмде Осман империясының күйреуі мен 1916-1918 жж. араб көтерілісі кезінде бедуиндік Зиб есімді баланың ағасымен бірге шөл далада кешкен тағдыры бейнеленген.

Режиссер Наджи Абу Навар бұл көріністер туындының тарихи сәттері екенін атап өтіп, картина Америка киноакадемиясы тарапынан да лайықты бағаланатынына сенім білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: