Бәйбішелері тоқал алып берді

Бәйбішелері тоқал алып берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясындағы Тайып қаласының 70 жастағы тұрғынына екі әйелі тоқал алып берді: бұл екі әйелі де одан жас болғанына қарамастан тоқалды өздері таңдап, өздері үйлендірген. «Алғашқыда олар қалжыңдаған шығар деп ойладым. Алайда, олар мені сүйгендіктен осындай қадамға барған екен ғой», - деді Ауад бин Ауаймер Ас-Суайби есімді қарт мұсылман. Бұл жайында «ArabNews» ақпарат көзі хабар таратты.

Үйлену тойын да бәйбішелері өздері ұйымдастырған. «Олардың маған жасаған жақсылықтарын өмір бойы ұмытпаймын», - деді қарт толқи тіл қатып. Әлеуметтік желіде пікір білдіргендердің бір тобы оның ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтіріп, «қартайғанда кәрі боз жорға шықты» деп, қарттың бұл қылығын сынға алса, енді біреулер қартайса да қайраты қайтпаған қарттан үлгі алуға шақырды.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: