17 қаңтар күні аты аңызға айналған боксер Мұхаммед Әли 74 жасқа толды. Исламды қабылдамай тұрып Кассиус Марселлус Клей болған Мұхаммед Әли 1942 жылы 17 қаңтарда американың Луисвилл қаласында Кентукки штатында дүниеге келген. Ал Исламды ол 1964 жылы қабылдады.
1960 жылы боксер жартылай ауыр салмақта олимпияда чемпионы атанды. Одан кейін он жыл ішінде Мұхаммед Әли ешқандай жеңіліске ұшыраған емес.
Өзінің үлкен спорттық мансап жолында 61 доданың бар болғаны 5-інде жеңіліс тапқан. Ал 1999 жылы ол "Ғасыр спортшысы" атағын алды, бірақ 1981 жылы Паркинсон ауруына байланысты Мұхаммед Әли спортпен қоштасқан болатын.
hibatulla.kz


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

