Мешіттер есігі қонақтар үшін ашылмақ.

Мешіттер есігі қонақтар үшін ашылмақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Таяу уақытта Мәскеу мен Чуваш мешіттерінде ашық есік күндері өткізіледі. Бұл туралы Ресей Қоғамдық палатасы мүшесі Альбир Крганов мәлімдеді.

Екі айға жоспарланған науқан барысында кез келген ізгі ниетті адам мешітке келіп, өзін мазалаған сауалдың жауабын алуына болады. Ашық есік күндері дәстүрлі ислам және оның тарихы туралы дәрістер оқылып, мешіт ішінде шағын экскурсия ұйымдастырылмақ.

«Осындай шаралар халықты ислам дінімен жақын таныстыруға жол ашады. Мұсылман халқының қонақжайлығы мен қарапайымдылығы да көрінеді. Бұл ресейліктерді ислам дініне еш қатысы жоқ экстремистік ағымдарға қарсы күресте бірігуге көмектеседі» дейді Альбир Крганов.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: