Шариғат шәлісін жамылатын әйелдер құлақаспап кигенде қолайсыз жағдайға тап болатыны бар. Оны ұзақ жолдарға шыққанда Құран тыңдау үшін, кітап тыңдау үшін немесе өзге мақсатта қол бос болмағанда қоңырау үшін пайдалануға ыңғайлы. Ал, шәлі шамылған арулар үшін құлақаспапты қолдану қолайсыздық тудыратыны баршаға мәлім. Құлаққа ілу былай тұрсын, матаның сыртынан естудің өзі қоласыздық тудыратын.
Құлағының мүкісі барлар үшін бұлай құлақаспап тағудан асқан қолайсыздық бомайтын. Шариғат шәлісін жамылатын мұсылман дәрігерлері де стетоскопты пайдаланған кезде қолайсыздыққа тап болады. Міне, осыларды ескерген сингапурдлық дизайнер Адлина Анис «Ниндзя жаңғырығы» деп аталатын өзгеше шариғат шәлісін ойлап тапты. Бұл шариғат шәлісінің ерекшелігі неде дейсіз ғой? Матада арнайы саңылау болады: сол арқылы құлақаспапты немесе құлаққа қыстыратын аппараттарды пайдалана аласыз.
hibatulla.kz