Al Jazeera America кабельді арнасы 2016 жылдың 16 сәуірінен бастап АҚШ-тағы қызметін тоқтатады. Бұл туралы арнаның ресми сайтында жария болды.
«Al Jazeera» арнасының атқарушы директоры әл Анстей Al Jazeera America бизнес моделі АҚШ-тың БАҚ нарығындағы экономикалық дағдарысы кезінде тұрақтап қала қалмайтынын мәлім етті.
Арна журналистеріне жолданған хатта бұл шешім қызметкерлерінің жұмыс сапасына байланысты еместігін атап өтті. «Біздің ұлы журналистикаға адалдығымыз өзгелермен теңестірілмейді» деді арна директоры.
Айта кетсек, Al Jazeera America өткен жылы 61 млн америкалық отбасыға хабар таратты. Арнадан түскен табыс 110 млн $ болды. Алайда, жыл соңында 72 млн $ шығын да әкелді.
Анстей жолдаған хатта қанша қызметкер қысқартылатыны туралы айтылмаған. Онда тек қызметкерлер жөніндегі менеджердің журналистермен кездесіп, оларға қандай қолдау шаралары жасалатыны түсіндірілітіні баяндалды.
Al Jazeera America АҚШ-тың вице-президенті Альберт Горға тиесілі болған Current TV арнасын 8 500 млн $ сатып алып, 2013 жылдың 13 тамызынан бастап эфирге шықты. Дегенмен, арна америкалық аудиторияда кең таралмады. Оның кешкілік прайм-тайм уақытындағы бар көрермені 30 мың адамға жетіп жығылған. Ал Al Jazeera арнасының өзі 1996 жылы Катар әмірінің бұйрығымен құрылды.