Угандадағы мешітті қайта тұрғызу үшін христиандар ақша жинап берді

Угандадағы мешітті қайта тұрғызу үшін христиандар ақша жинап берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американың Бостjн қаласында тұратын угандалық христиандар туған жерлеріндегі ескі мешітті қалпына келтіру үшін 12,5 миллион шиллинг көлемінде қаржы жинап берген. Уганда мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Накисунга округінің Муконо ауданындағы Намаибе мешітін қалпына келтіру жұмысына жүзден астам адам өз үлестерін қосқан.

Угандалықтардың Солтүстік Америка бойынша ассоцициясының комитет төрағасы Джеффри Нсереко өзінің туған еліне жасаған сапары барысында ескі мешітті көргенін айтады.

«Көлікпен келе жатып, ескі мешітті көзім шалды. Құлшылық ордасы қирап тұрған еді. Бұл жағдай менің жүрегімді ауыртты. Сосын өзіме қайтсем де көмектесемін деген уәде бердім», – дейді ол.

Чтобы достроить мечеть, требовалось порядка 12 миллионов угандийских шиллингов.

АҚШ-на қайтып келісімен Нсереко Канада мен Жапония елдерінде, басқа штаттарда тұратын отандастарымен хабарласып, қайырымдылық шарасына қатысуларын сұрайды. Олардың барлығы да түрлі көлемде ақша аударып, нәтижесінде 12,5 миллион шиллинг (Уганда ақшасы) жиналған.

Жиналған қаржы құлшылық ордасын қалпына келтіріп, ішкі жұмыстарын да жүргізуге толығымен жеткен. Намаибе мешітінің имамы Юсуф Касенге мұсылмандардың өз отандастарына алғысы ерекше екенін айтады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: