Башқұртсанда әйелдер мектебі ашылды. Мұнда олар әйелге тән әдеміліктің құпиясын үйретіп, отбасы бақытына қол жеткізудің қыр-сырын үйретеді. Мұның бәрі белсенді бір әйелдің пәтеріндегі әдеттегі үйірмеден басталған болатын. Уақыт өте келе бұл үйірмеге қатысқысы келетіндердің саны артып, пәтер тарлық ете бастаған.
Бастамашыл топтың ұйытқы болуымен Башқұртстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасындағы бос тұрған бөлмеге көшіп, өз алдына мектеп боп ашылды. Аталмыш мектепте психологтар, модельерлер, стилистер, визажистер, ақындар мен тілшілер дәріс береді. Кез келген әйел шәкірті бола алады. Тіпті, ол мұсылман емес болса да.
hibatulla.kz