Исламды құрметтеген христиан профессор қызметтен қуылды

Исламды құрметтеген христиан профессор қызметтен қуылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дініне құрметпен қарап, мұсылмандарға қолдау білдірген христиан колледжінің профессоры қызметінен босатылды.

Өткен айда Лариша Хокинс есімді профессор әлеуметтік желідегі пікірі үшін Уитон колледжіндегі (АҚШ) қызметінен шеттетілді. Профессор өз сөзінде мұсылмандар мен христиандар бір ғана Құдайға құлшылық ететінін мәлімдеген болатын.

Профессор Хокинс 15 желтоқсаннан әкімшілік демалыста болды. Осы уақытта колледж басшылығы оның діни ұстанымына қатысты талқылау жүргізген.

NPR баслымына берген сұхбатында Лариша Хокинс колледжде оның қызметтен босатылуына байланысты арнайы тыңдалым ұйымдастырылатынына таңданысын жеткізді.

«Мен үшін бұл ең қорқынышты хабар. Тоғыз жыл еңбегімді осы мекемеге арнадым. Гуманитарлық ғылымның христиан түсінігіндегі маңыздылығын жеткізіп келдім» дейді профессор.

«Әлеуметтік желідегі менің пікірім діни уағыз емес, христиан қағидатына сай байсалдылық, толеранттылық» деді Лариша Хокинс.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: