Кеңес ауылының имамы Бақытжан ағамыздың ұйымдастыруымен Кеңес ауылдық мәдениет үйінде “иманды жан - ізгі қоғам негізі” атты іс-шара өтті.
Аталмыш жиында Бақытжан имам әрбір адам қоғамның мүшесі, қоғам ізгілікке қадам басу үшін қоғамның әрбір тұлғасы иманды болуы шарт деп сөзін бастап, жиылған жақсыларға иманнан шығатын ізгі қасиеттер туралы кең көлемде насихатын айтты. Жиын соңында, имамға сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.