«Периядағы кішкентай мешіт» (Little Mosque on the Prairie) атты танымал канадалық комедияның продюсері Зарка Наваз (Zarka Nawaz) өзінің киімдер үлгісін ұсынды.
Наваздың айтуынша, ол сериал түсірілімі өтіп жатқан кезде Канадада Ислам талаптарына сай, жергілікті тұрғындардың әдемі әрі шариғатқа сай киінуіне мүмкіндік беретін киім үлгісінің мүлдем дамымағанына назар аударған.
«Көптеген Канадалық әйелдер қара түсті абаядан басқа талғамды киім кигісі келеді, әлбетте ұлттық дәстүрге сай» - дейді " Наваз.
Оның алғашқы Zarquby атты киімдер топтамасы Торонтода өткен Исламдық конференцияда көрмеге ұсынылды. Бұл жиыннан соң оның киімдер топтамасының тең жартысы сатылып кеткен болатын.
һibatulla.kz