Бурятияның астанасы Улан-Удэ қаласының орталық мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күніне арналған іс-шара өтті.
Мұсылман жұртшылығы қасиетті Құран аяттарын оқып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі ғұмырынан өсиеттер мен хадистерін айтып, саңлақ сахабаларын еске алды. Сондай-ақ, атақты ислам ғалымдарының зерттеулерін баяндады.
Аталмыш мерекелік іс-шараға дағыстандық мұсылман жамағаты да қатысты.
Мәулітке қатысушылардың пікірінше, айтулы мереке өте қажет. Өйткені, бұл шара мұсылмандардың жүрегіндегі иманды күшейтіп, Аллаға деген махаббатты арттырады.
hibatulla.kz


11 Қаңтар 2026
22 Раджаб 1447

