Биыл Египет елінде тұңғыш рет Ніл өзені бойынша жолаушылар тасымалы және жүк көліктері іске қосылады.
Биліктің хабарлауынша, бұл шешім құрлықтағы көлік кептелісін шешудің тиімді тәсілі болмақ.
Египет Көлік министрлі Саад әл-Джабуши Каирдегі су көліктері таяу уақытта іске қосылып, көлік кептелісі сейілетін күн алыс болмайтынын мәлім етті. Ніл өзенімен жүйткитін бұл таксилер енді ел тұрғындарын жұмысқа, үйіне, сондай-ақ, сауда-саттық жасауға жедел әрі қолайлы жағдайда жеткізетін болады.
ummet.kz-ақпарат