Сауд арабиясы джахан қаласының медқызметкері өртке оранған аурухана ғимаратынан 7 баланы аман алып шықты. Аурухана түн жарымында өртенген. Салдарынан 25 адам қаза болды. Жүзге жуық жан зардап шекті.
Амира исмаил есімді аурухана қызметкері түнгі сағат 1-лер шамасында күйіктің иісін сезгенін айтады. Көп ұзамастан өрт ғимараттың басым бөлігіне жайылып кеткен.
Осыған қарамастан амира бейғам ұйқыдағы 7 бейкүнә сәбилер жатқан бөлмеге батылдықпен кіріп, оларды аман-есен алып шыққан. Осыдан соң өзге қызметкерлермен бірге балаларды интенсивті терапиця бөлімінен шығарып, тілсіз жаудан құтылады.
e-islam