2016-2018 жылғы ислам туризмі астанасы анықталды

2016-2018 жылғы ислам туризмі астанасы анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдағы 2016 жылғы ислам туризмі астанасы болып Түркия республикасының Конья қаласы танылды. Бұл жайында Нигер орталығы Ниамейде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 9-шы конференциясында белгілі болды.

Конья – әлемдегі ең ежелгі шаһарлардың бірі. Бұл өңірге алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 7 500-ші жылдары адамдар тұрақтай бастаған. Қазіргі Конья мешіттер санымен де ерекше: мұнда XVI  ғасырда өмір сүрген Селим сұлтан әмірімен бой көтерген Селимий мешіті бар.

ИЫҰ туризм министрі Конья қаласындағы ас-тағам, қонақүйлер, демалыс орындары мен спорт орталықтарындағы халал инфрақұрылымы деңгейіне жоғары баға берді.

Мүше мемлекеттердің кезекті конференциясында 2017 жылғы ислам орталығы ретінде Сауд Арабиясының Мәдина қаласы, 2018 жыл мәртебесі Иран елінің Тебриз қаласына беру туралы шешім шығарылды. Еске сала кетсек, өткен жылы бұл мәртебе Иерусалим шаһарына берілген болатын. 

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: