Тараз қаласы «Әзрет әли» мешітінің имамы Есет Таласбаев жастарға және жас отбасыларға насихат жасады. Қоғамда болып жатқан дерттердің алдын алу мақсатында келген адамдарға барынша тура бағыт-бағдар көрсеткен болатын.
Қаланың барлық мешіттерінде отбасылық кеңес беру орталықтары ашылған. Ақыл-кеңес алғысы келген адамдардың барлығына мешіт есіктері ашық.