Құран мен хадис тілінің күні

Құран мен хадис тілінің күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық күнтізбеде араб тілінің күні ретінде 18 желтоқсан бекітілген болатын. Бұл күні 1973 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми және жұмыс тілдерінің арасына араб тілін де қамтуды қолға алған. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша 18 желтоқсан араб тілі күні деп белгіленді. Араб тілі – ең кең таралған семиттік отбасы тіліне жататын әлемдегі көп қолданылатын тілдердің бірі. Бұл тілде 422 млн астам адам сөйлейді.

Араб тілін білу – әлемдегі 1,5 млрд адамды қамтыған мұсылман халқы үшін міндетті болып табылады. Араб тілі – Құран мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінің тілі. Исламда барлық діни жоралар осы дереккөздерден, осы тілдегі тіркестерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, араб тілі араб әлеміндегі көптеген христиандық шіркеулер үшін негізгі рәсіми тілдердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, араб тілінде ортағасырлық біраз маңызды еврейлік діни және зияткерлік қолжазба жазылып қалдырылған.

һibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: