Неше рет?
Истихараны бір реттен көп орындау жөнінде, ғалымдар оны үш рет орындауды мустахаб (дұрысырақ) деп тапқан. Бұл Абдулла ибн Масудтан (р.а.) келген хадиске негізделген, онда былай айтылған, Алла Елшісі (ﷺ) дұға айтқанда оны үш рет қайталаған. Алайда мұны истихараның сүннеті деп санауға болмайды, өйткені истихара туралы хадистерде бұл туралы айтылмайды. Истихараны жеті рет орындау керек деген хадисте, растығы жағынан «шынайы әлсіздік» бар, оны діннің әлдебір ісінде негіз ретінде қолдануға болмайды. Дегенмен, истихараны қалауынша қанша рет орындағанның еш қиындығы жоқ, өйткені бір дұғаны қанша рет айтса да болады ғой.
Истихараның ең қысқа түрі
Әлсіз хадисте былай жеткен, Әбу Бәкір (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) бір нәрсені істеуге ниеттенгенде былай айтқанын келтірген:
اللهم خر لي واختر لي
«Уа, Алла, маған игілік бұйыршы және мен үшін таңдашы»
Дегенмен, бұл хадис әлсіз деп саналады, бұған сахабалар (р.а.) тәжірибесінен дәлел бар. Ондықтан да тәжірибенің өзі шын.
Қорытынды
Сонымен, истихараның ең көп пайдаларының бірі адам мен Алланың байланысын нығайтуда болып табылады. Үнемі истихараны орындай отырып, Жаратушымыздан — Кімнің Құзырында жақсы мен жаман, пайда мен зиян адам игілік күтуді үйренеді. Алла Тағала бізге, оқырмандарға бұл ұлы да игілікті Сүннетті түсінуге жазсын.
Жоғарыда сипатталып өткендерден түсінгеніміздей, дінді Алла бізге қалай жеңілдетіп берген, ал біз өзіміз оны қиындатамыз. Біз сүріп отырған өмір салты, бізді және қоршағандарды Ислам тәжірибеде қиын деп ойлауға мәжбүрлейді. Бірақ іс жүзінде Алла Өзінің әмірлерін орындату және Сүннетті ұстану арқылы ғана амандық, қанағаттанушылық, тыныштық әрі жеңілдік сыйлайды.
Бұл ұлы Сүннетті білген соң, енді біз басқа да Сүннеттерді білуіміз қажет және оларды орындап, басқа адамдарды үйретуіміз тиіс. Біздің Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабалары мен тақуа ізбасарлары дәл осылай жасаған болатын. Алла Тағала солай жасауға бізге таупиық берсін. Әмин.