Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» мешіті әйел қыздар секторы және мешіт ұстазы Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен «Фажр» сүресінен «Нас» сүресіне дейін өткен Құран жарыста 1-ші орын алған Қуанышқызы Раяна және 2-ші орын алған Қуандыққызы Гулшехра ұмра қажылығын өтеп қайтты.
Ұмра қажылығын өтеп келген қыздардың құрметіне мешітте дастархан жайылып, қыздар Мекке мен Мадина қаласынан базарлықтарымен бөлісті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

