ҚАЖЫЛАРҒА МИНА-АРАФАТ АЙМАҒЫНДА 279 УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚАЖЫЛАРҒА МИНА-АРАФАТ АЙМАҒЫНДА 279 УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылық миссиясының ұйымдастыруымен Мина-Арафат аймағына жиналған 5081 қажыға 279 уағыз айтылды.

Бұл туралы миссияның уағыз-насихат жұмыстарына жауапты қызметкері Нұрбек Әуесханұлы хабарлады. Оның айтуынша, 16 туроператорға Діни басқарма тарапынан бөлінген 17 уағызшы имам «Аллаға құлшылық – ата-анаға жақсылық», «Сынақтың хикметтері», «Дін мен дәстүрдегі құндылық», «Жамаратта шайтанға тас ату амалынан алынатын ғибрат», «Тақуалық сипаттары», «Арафатта Пайғамбарымыздың жасаған дұғасы», «Дұғаның әдептері» және өзге де тақырыптарда қажыларға насихат айтқан. Одан бөлек барлық уағызшы имам Діни басқарма әзірлеген «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасына арнайы бір дәріс арнады.

Сондай-ақ әйел жамағатының да рухани сұранысы ескеріліп, Қазақстан қажылық миссиясының мүшесі Эльмира Бұхарбаева мен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы жауапты өкілі Назерке Жаналиева уағыз айтып, туындаған сауалдарға жауап беруде.

Айта кетейік, бүгінде қазақстандық қажылар түгелдей Мекке қаласына оралып, қонақүйге орналасты. Оларға уағыз айтып жатқан имамдардың қатарында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, көпке белгілі уағызшы Арман Қуанышбаев, РАНТ мүшелері Ғазиз Ахмет, Нұралы Бақытұлы, Руслам Қамбар секілді танымал дін қызметкерлері, сондай-ақ Діни басқарманың жас мамандары Ерғали Байділдаев пен Жарбол Ақжігіт бар.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: