#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты мешіттерде құрбан айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Шалынған құрбандықтардың еттері бөлініп, мұқтаж отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және жетім-жесірлерге таратылды.

Сонымен қатар, мешіт қызметкерлеріне де арнайы құрбандық еттері үлестірілді. Мешіт имамдары еттердің бұзылып кетпеуін қадағалап, ерікті жастарды жұмылдырып уақытында таратуға күш салды. Ұлық мерекеде етке ауыздары тиген тұрмысы төмен отбасылар ризалықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын, - деп батасын берді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: