#Байзақ: БАЙЗАҚ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

#Байзақ: БАЙЗАҚ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мұсылмандардың ұлық мерекесі. Осынау ұлық мерекеде біздер Алла үйі мешітте айт намазын оқу үшін жиналып отырмыз. Екі айт мерекесі таң сәріде мұсылмандардың мешітте жиналып, жамағат болып құлшылық жасаумен басталу арқылы басқа мерекелерден ерекшеленеді. Намаз оқып болғаннан кейін мұсылмандар құрбандықтарын шалып, өзге жандарды қасиетті мерекемен құттықтап, құрбандық етінен өзгелерге ауыз тигізеді. Ендеше, қасиетті Құрбан айт Алла Тағалаға жақындататын, мұсылман жұртшылығының берекесі мен бірлігін паш ететін ұлық мейрам.

Қасиетті құрбан айтта Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде айт намазының алдында ауыл имам-молдалары уағыз-насихаттарын айтып, айт намазының оқылу тәртібін түсіндіріп, мешітке жиналған жамағатпен бірге елдің амандығы үшін дұға жасады. Байзақ ауданының барлық мешіттерінде айт намазы 06:00 оқылды.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: