18-22 маусым күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медресе- колледждерде мемлекеттік қортынды емтихан өтеді.
Қазіргі таңда елордадағы «Астана» және Ақтөбе өңіріндегі «Ақтөбе» медресе-колледжінде емтихан басталды. Шәкірттерге ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен бөлім маманы Жаңабай Қожин сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді 434 түлек бітіреді. Оның 289-ы ер, 145-і қыз бала. Бітіруші түлектердің 210-ы бұйрық алып қызметке орналасуда, сондай-ақ өзге де түлектер «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына түсуді жоспарлап отыр.